Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Атбасарда Құран жарысы өтті

Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 28.03.2023 2311 0 пікір
Ақмола: Атбасарда Құран жарысы өтті

Ақмола облысы Атбасар ауданының бас имамы Ақылбек Сүйіндікұлының ұйымдастыруымен және жергілікті жамағаттың қолдауымен Атбасар аудандық мешітінде 5-15 жас аралығындағы шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

Он екі жасқа дейінгі 27 бала «Аср» сүресінен «Нәс» сүресіне дейін жатқа оқыды. Бұл жолы Абдураим және Исмайл Бышанло бірінші және үшінші, ал, Әмірхан Чопабек екінші орынға ие болды. 

Тәжуидпен Құранға қарап оқуда Омар Бышанло, Рамазан Харбиев, Иброхим Ширба жүлдегер деп танылды. Оларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Сайыста ерекше көзге түскен бес жасар ең жас Көкенай Ниетқабылға бас имам атынан мадақтама жане ақшалай сыйақы табысталды.

Құран байқауына Көкшетау қаласындағы Тілеулес қажы Құран оқыту орталығының ұстазы Бауыржан Қайредденов қазылық етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру