Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әйел ұстаздар медресе шәкірттеріне ауызашар берді

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 28.03.2023 2554 0 пікір
Әйел ұстаздар медресе шәкірттеріне ауызашар берді

Елорданың әйел ұстаздары «Астана» медресе-колледжінің 50 шәкіртіне ауызашар дастарқанын жайып, рухани кеш өткізді.

Игі жиында ұстаздар шәкірттерге уағыз-насихатын айтып, ойындар ойнатты. Сондай-ақ, шәкірттердің білім, таным көкжиегін кеңейту мақсатында викториналық сұрақтар қойылды.

Елорда ұстаздар шәкірттерге «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы мен қосымша сыйлықтар таратса, медресе ұстаздары да рухани кештің ұйытқысы болған Астана мешіттерінің ұстаздарына ілтипатын білдіріп, алғыс айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру