Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МЕШІТТЕ ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 28.03.2023 1973 0 пікір
БАС МЕШІТТЕ ЕРЕКШЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте мүмкіндігі шектеулі жандармен «Рамазан – үміт айы!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуде Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлы қонақтарды Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдың артықшылығына кеңірек тоқталды.
Имам: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сынақтың деңгейіне қарай сауабы да көбірек болатынын жеткізген. Алла Тағала құлының табанына тікен кірсе, ол оның жанына батып тұрғанын біледі. Сол арқылы оның күнәсін кешіреді, сол сынақтары арқылы құлының сауаптарын молайтуды қалайды. Алла сіздерге жеңілдігін нәсіп етсін!» деп, Жаратушының құлына деген ықыласын, сынақ хикметін түсіндірді әрі сый-сияпатын жасады.

Кездесу соңынан Бас мешіт гиді бір сағаттай уақыт мешіт ішін аралатып, егжей-тегжейлі таныстырып болған соң, қонақтар ауызашар дастарқанынан дәм татты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру