Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жетісай ауданында Құран жарысы өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі yassi.kz 27.03.2023 2244 0 пікір
Түркістан: Жетісай ауданында Құран жарысы өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданының орталық «Нұғман» мешітінде «Құран – жүрегімнің нұры» тақырыбында әйел-қыздар арасында Құран жарысы өтті.

Құран жарысына Жетісай ауданы бойынша 4 мешіттен 50 шәкірт қатысты. Байқау 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Шәкірттер жоғары деңгейде нәтиже көрсетті. Оларға Құранды тәжуид ережесіне сай оқу, жаттау қабілетіне сәйкес талаптар қойылды. Топ ішінен үздік атанған шәкірттерге сыйлықтар беріліп, дипломмен марапатталды.

Атап айтар болсақ:

15 сүре бойынша ақ жаулықты апалар арасыннан:

1 орын – Әмина Махамбетова (67 жас);

2 орын – Айнагүл Құрбанбекова (42 жас);

3 орын – Жанат Шекербекова (47 жас);

 

15 сүре бойынша 15 жасқа дейінгі қыздар арасынан:

1 орын – Кәусар Ергешбай (13 жас);

2 орын – Раяна Сәрсенбек (10 жас);

3 орын – Әсел Сәрсенбек (13 жас);

 

Жарты парадан 40 жасқа дейінгі әйел қыздар арасынан:

1 орын – Ақсәуле Жағыпар (25 жас);

2 орын – Маржан Шамсиева (39 жас);

3 орын – Теңгеш Құлтай (23 жас);

 

30-пара бойынша оқудан:

1 орын – Ақжарқын Кенжеева (28 жас);

2 орын – Надира Саламатова (42 жас)

3 орын – Айдана Тілеева (29 жас). 

Қатысушы шәкірттер арасынан 78 жастағы ең үлкен ақ жаулықты Жұпар Байболоваға шипажайға жолдама берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру