Алла қаласа сағындырған Рамазан айына санаулы күндер ғана қалды. Қасиетті ай қарсаңында ел мешіттерінде оразаға дайындық жұмыстары пысықталды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана, Алматы мен Шымкент, сондай-ақ облыстардағы барлық өкілдігінде арнайы жиын ұйымдастырылып, Рамазан айында атқарылатын ауқымды іс-шаралар талқыланды. Әсіресе ауызашар дастарқандарын ұйымдастыру, тарауық намазы мен қарилар мәселесі, тазалық пен қауіпсіздік шаралары, кешкілік намаздан соң тегін қатынайтын көліктер жөнінде жоспар жасалып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ қасиетті айда «Рамазан қоржыны», «Рамазанда бір тал ек», «Рамазанда мешітке кітап сыйла», «Рамазан тәттісі» сынды қайырымдылық бағыттағы жұмыстар мен қатар оқу-ағарту, насихат жұмыстары ұйымдастырылмақ.


































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muftyat.kz
21.03.2023
3481
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру