Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институтында кезекті курс аяқталды

muftyat.kz 12.03.2023 2332 0 пікір
Ислам институтында кезекті курс аяқталды

ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының 2023 жылға жоспарланған алғашқы 2 айлық курсы аяқталды.

Еліміздің әр аймағынан келген имамдарға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері, «Нұр-Мүбарак» университетінің таңдаулы ұстаздары «Құран», «Фиқһ» пәндерінен дәріс берді.    

Аптаның дәрістен бос демалыс күндері ел аймақтарынан келген имамдар, білім қазынасы – миллиондаған кітаптар жинақталған Ұлттық кітапханада, мемлекеттік мұражайда мыңдаған жылдар тарихы бар Ұлы Даланың жәдігерлерін тамашалады. Алатаудың әсем табиғатын тамашалап, Жаратқанның берген сансыз нығметіне шүкірлік етті.

Курс қорытындысында имам шәкірттер «Қылыш» және «Семсер» атты екі топқа бөлініп, үстел теннисі,  қол күресі, еденнен итерілу, шахмат пен дойбыдан спорт шараларын, онан соң екі топ Құран, Ақида мен Фикһ ілімі бойынша біліктілігін сынап көрді. Нәтижесінде жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталып, баршасына алғыс білдірілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру