Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар арасында Құран сайысы ұйымдастырылды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 11.03.2023 2448 0 пікір
Имамдар арасында Құран сайысы ұйымдастырылды

Алматы облысы Іле ауданы Батыр ауылдық «Нұр-Ислам» мешітінде жергілікті имамдардың арасында Құран және тәжуид ілімінен сайыс өтті.

Шараның алғы сөзін алған Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сайыстың мақсатын және шарттарын түсіндірді.

Дін қызметкерлерінің жарысына Алматы облысы бойынша діни ағарту бағытына жауапты маман Сәкен Еншібайұлы, аудан бас имамы Дархан Аманұлы және Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің ұстазы Хусниддин Бувраевтан құралған қазылар алғасы төрелік етті.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Қосөзен ауылдық мешітінің имамы Медеуов Болат иеленіп, ұмраға (кіші қажылыққа) жолдаманы ұтып алды. ІІ орын Междуреченск ауылдық мешітінің имамы Ермұқамет Әбілмәжінұлына (100 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы» мешітінің наиб имамы Тастанов Мұрат (70 000 тг) иеленді. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Сайыс соңында Алматы облысының заңгері Дәулетияр Сағитжан жиналған қауымға бата беріп, дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру