Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ХАЛАЛ ДАМУ»: АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

halaldamu.kz 10.03.2023 1845 0 пікір
«ХАЛАЛ ДАМУ»: АККРЕДИТТЕУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Ұлттық аккредиттеу орталығы мен ҚМДБ «Халал Даму» басшылығының бірлескен отырысы өтті.

Жиынға Ұлттық аккредиттеу орталығы басшысының орынбасарлары Абдусамат Абдужаппарұлы, Ержан Жарылғапұлы, және Алмат Орынғалиұлы, т.б мамандары мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, бас сарапшы, технолог Жанар Мұратқызы қатысты.

Елімізде халал индустриясын дамыту, халал стандарттау және сертификаттауды жүйелендіру негізгі тапсырмаларының бірі екендігін және осы бағытта біраз нәтежиелі жұмыстардың атқарылып жатқандығы сөз болды. Күн тәртібінде мынадай мәселелер қарастырылды: 

  1. «Халал» сәйкестікті бағалау жүйесінің құрылымы
  2. Ислам мәселелері бойынша СРО (сәйкестікті растаушы орган) сарапшыларын сертификаттау
  3. СРО мамандарын стандарттар бойынша оқыту
  4. Өндіріс мамандарын оқыту
  5. Сертификаттаушы органдарды аккредиттеу мүмкіндігін қарастыру

Ұсынылған мәселелер бойынша аккредиттеу және халал стандарттау және сертификаттау саласының мамандары пікір алмасып, екіжақты өз ұсыныстарын ортаға салды. Күн тәртібіне қойылған мәселелер қызу талқыланды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру