Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Облыс әкімі медресе-колледж студенттерімен жүздесті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 09.03.2023 1552 0 пікір
Ақтөбе: Облыс әкімі медресе-колледж студенттерімен жүздесті

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Алға ауданындағы іссапарында Бестамақ ауылында орналасқан  «Ақтөбе» медресе-колледжіне барып,  ұстаздар және студенттермен жүздесті.

Кездесуге облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев және аталған оқу орнының директоры, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен студенттер қатысты.

Облыс әкімі 2010 жылдан бастап білікті дін мамандарын  дайындайтын медресе-колледждің жұмысымен жіті танысып, жоғары баға берді. Одан өзге студенттер жүздесу барысында еңбек өтілі жолы туралы сұрай келе, қызмет барысында білікті маман болудың қыр-сыры мен жастарға арналған жобалар және қандай қолдау болатындығы туралы сұрақ қойылды. Ал облыс әкімі Ералы Тоғжанов жастарға әрдайым қолдау болатындығын айта келе, ауыл мен ауданда қызмет ету жайында сөз қозғады.

Айта кетсек, оқу орында қазіргі уақытта Қостанай, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан келген 174 студент оқиды. Сондай-ақ медресе-колледжде 200 орындық жатақхана бар. 2020 жылы ауданы 2 мың шаршы метрден асатын жаңа оқу ғимараты және заманауи спорт кешені салынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру