Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 09.03.2023 2132 0 пікір
«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» МЕДРЕСЕ-КОЛЛЕДЖІНЕ ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Павлодардағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжіне жаңадан директор тағайындалды.

Білім ордасының жаңа басшы Арман Қайыргелдіні ұстаздар мен медресе шәкірттеріне өңірдің бас имамы Жолдас Қоспақұлы таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.  

Арман Қайыргелді – «Астана» медресесі мен «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі. Бұған дейін Ақтоғай аудандық мешітінде наиб имам, Павлодар қаласындағы «Бижан» мешітінде наиб имам, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің тәрбиешісі, арнайы пән ұстазы және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары сынды атқарған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру