Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Абуов «Нұр» орталық мешітінде қала мешіттерінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық акциясына қатысып, 100 мұқтаж отбасының азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне үлес қосты.
Айта кетейік, жыл басталғалы Сыр мешіттері қайырымдылық шараларын өткізуден жарысып, «Күшіміз бірлікте» ұранымен тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай көмек, ет, азық-түлік қоржындарын және көше тазалықшыларына ыстық тамақтар таратуды қолға алған болатын.
Сонымен қатар бас имам Болатбек Ұласқанұлы қаланың бас мешітіне жиылған жамағатқа насихат айтып, ел игілігі мен амандығы үшін дұға жасады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
08.03.2023
2991
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру