ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының бастамасымен, Іле ауданы дін қызметкерлері және жергілікті «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Үшқоңыр» медресе-колледжінің бірқатар студенттеріне шәкіртақы берілді.
Жомарт жандардың демеушілігінің арқасында жүзеге асқан шара барысында Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы білім ордасының шәкірттеріне облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, 25 студентке 10 000 теңгеден бір реттік шәкіртақы ретінде қаржылай көмек берді.
Өз кезегінде «Зекет және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Қаби Ринат білім алушыларға ілімнің артықшылығы жайлы насихат айтып, биыл оқуын аяқтайтын шәкірттерді оқуын аяқтағасын өңірімізде қызмет етуге шақырды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
08.03.2023
3059
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру