Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 07.03.2023 1543 0 пікір
Қостанай: Имамдар жаңа қызметке тағайындалды

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай өңірінде тәжірибесі мол қос азамат жауапты қызметке кірісті.

Мәселен, Денисов ауданына Азамат Серікбайұлы Мурзаканов бас имам болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінде наиб имамдық жұмысты абыроймен атқарды. Сондай-ақ, осы күнге дейін Денисов ауданының бас имамы болған Руслан Жиенбаев Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған дін қызметкерлері мүфтияттың алға қойған нақты міндеттерін жүзеге асыруда іскерлік пен біліктілік танытады деген сенімдеміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру