Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында рухани кеш өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 07.03.2023 1810 0 пікір
Қарағанды: «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында рухани кеш өтті

ҚМДБ Қарағанды өкілдігіне қарасты Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында  жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті.   

Жиынға арнайы қатысқан облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы кеш қонақтарына уағыз-насихат айтып, жылы лебізін білдірді.  

Шара барысында мешіт жамағаты ақ дастархан басына жиналып дәм татты. Жұртшылықты ізгі қоғам қалыптастыру жолында игі амалдар жасауға шақырған Естай Айтуғанұлы артынша Теміртау қалалық Жақып Ақбай мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлына сөз кезегін беріп, ғибратқа толы насихаттар көшін жалғады.

Отырыс соңында Құран аяттары оқылып, еліміздің бейбітшілігі мен амандығын тілеп бата жасалды. Берекелі кештен рухани нәр алған жамағат басқосуды ұйымдастырған мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Айта кетсек, мұндай игі дәстүр әр дүйсенбі күні құптан намазынан кейін тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру