Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» семинары өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 06.03.2023 1843 0 пікір
Маңғыстау: «Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» семинары өтті

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында айтылған көне түркі әдеби тілінде жазылған кітаптарды оқуға арналған курстар ашуға байланысты тапсырмасына сәйкес «Ортағасырлық түркі тілі – бабалар қазынасы» тақырыбында мешіт ұстаздарына арналған семинар өтті.

Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қарасты мешіт ұстаздарына арналған шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, педагогика ғылымдарының магистрі, парсы, ағылшын тілдерінің маманы Нияз Тобыш және ҚР мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, таңбатанушы Нұрлан Абызұлы қатысып, көне жазбаларды оқудағы тәжірибелерімен бөлісті. 

Алдағы аптадан бастап өңір ұстаздарына көне түркі тіліндегі жазбаларды оқыту бойынша дәрістер өтеді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру