Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: РАНТ мүшесі – Байзақ ауданында

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 04.03.2023 1427 0 пікір
Жамбыл: РАНТ мүшесі – Байзақ ауданында

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлдың ұйымдастыруымен Көкбастау ауылының «Қалмұрат баба» мешіті жамағаты Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ғазиз Ахметпен кездесті.

Жамағатпен жүздесуде Ғазиз Нұртайұлы «Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы» жайында уағыз-насихат айтты. «Мұсылман адам бір-біріне мейрімді, қамқор болуы керек. Сол қамқорлықты сезіну арқылы адам баласы бақытқа бөленетіні ақиқат. Мұсылманның мұсылман алдындағы ақысы – алтау. Олар –сәлем берілгенде жауап қайтару, ақыл-кеңес сұраса, ақыл айту, түшкірсе және Аллаға шүкір деп айтса, жауап қайтару, шақырған жеріне бару, ауырып қалса, жағдайын сұрап бару және қайтыс болса жаназасына қатысу», - деді Ғазиз Ахмет Нұртайұлы.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет Нұртайұлы аудандық «Байзақ баба» мешітінің жамағатымен де кездесіп «сөз сөйлеудің әдебі» жайында уағыз-насихат айтты. Насихат барысында Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір баянынан, хадистерінен және ғалым-ғұламалардың сөздерінен мысалдар келтірілді. Ауданға қарасты алыс-жақын ауылдардан арнайы Ғазиз Ахмет ұстаздың уағызын тыңдауға келген жамаған кездесу соныңда өз сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру