Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСТАНАДАҒЫ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Астана қаласы өкілдігі muftyat.kz 03.03.2023 3636 0 пікір
АСТАНАДАҒЫ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов жұма намазына жиылған жамағатқа Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып беріп, Думан Нәдірұлы Сайфулланы таныстырды.

Думан Нәдірұлы – «Нұр-Мүбарак» университетінің түлегі. Бұған дейін Алматы қаласы мен Семей өңірінің мешіттерінде имамдық қызмет атқарған және 2020-2023 жылдары ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы болып жұмыс істеді. 

 

ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ мүшесі. «Ислам әдептері», «Көркем мінез», «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітаптарының авторы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру