ҚМДБ ШҚО өкілдігі мешіт жастарының қатысуымен «Пәтуа сағатын» бастады.
Шара Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өтті. Жиынды жүргізген «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы, ШҚО бойынша пәтуа маманы Ернұр Қанапиянов: «Пәтуаларды халыққа насихаттаудың маңызы ерекше. Халық арасында әртүрлі мәселелерге байланысты діни тұрғыдағы сұрақтар көп туындайды. Сол кезде дұрыс жауап беру үшін ҚМДБ «Ғұламалар кеңесінен» шығарылған пәтуаларға жүгінеміз. Пәтуаларды насихаттау арқылы халықтың діни сауаттылығын арттырып, түрлі жат ағымдардың әрекеттерінен сақтанамыз. Пәтуаларды насихаттау ісі халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты» деп атап өтіп, пәтуалармен танысудың аса маңызды екендігін жеткізді.
Өз кезегінде жамағат сауалдарын қойып, жауап алды. Шара барысында «Пәтуалар жинағы» таныстырылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
02.03.2023
2758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру