Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 02.03.2023 1305 0 пікір
«ӘДІЛЕТТІ ХАЛИФАЛАР ӨМІРІНЕН ӨНЕГЕ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Астана өкілдігіне қарасты «Әл-Ғани» мешітінде «Әділетті Халифалар өмірінен өнеге» тақырыбында елорда имамдарына арналған семинар өтті.

Семинарда діни оңалту бөлімінің  меңгерушісі  Хасан Ташайұлы Аманқұлов  деструктивті діни ағым (ДДА)  жақтастарымен жұмыс жасаудағы Орта Азияда оқылған көне түрік кітаптарының орны және оларды оқытудың маңыздылығын атап айтты. ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков атақты Халифалар кезінде пайда болған діни ағымдардың методикасын, таралуын және зиянын айтып, әділетті Халифалар өмірінен өнегелер келтірді.  

Сондай-ақ, Діни оңалту бөлімінің маманы Данияр Кенжалин ДДА жақтастарымен қалай жұмыс жасалып жатқанын түсіндіріп өтті.  Жиын соңын «Әс-Сәләм» мешітінің наиб имамы Төрежан Жүніс көне түркі тілінде жазылған «Устади Әууәл» кітабы бойынша дәріс оқып қорытындылады. Сонымен қатар, ол жиынға қатысушы имамдарға аталған кітапты практикалық оқытудың әдіс-тәсілдерін көрсетті.

Шақырылған қонақтардың тұшымды баяндамасынан елорда имамдары тың ақпараттарға қанық болды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру