Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елордада көне түркі кітаптарын оқыту мәселесі талқыланды

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 01.03.2023 1478 0 пікір
Елордада көне түркі кітаптарын оқыту мәселесі талқыланды

Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылғы бағдарлық баяндамасында тапсырған классикалық діни түркі кітаптарын оқыту курстарын ашу мәселесін талқылау жиыны өтті.  

ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы осы тапсырмаға сай көне түркі тілінде жазылған кітаптарды ұстаздар арасында, сондай-ақ, жамағат пен тұрақты шәкірттер арасында оқыту жөнінде сөз қозғап, бірқатар мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, «Устади әууәл», «Ғибадатул исламия»,  «Сабатул ажизин», сонымен қатар, Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Мұсылмандық шарты» мен ҚМДБ баспасынан жарық көрген  «Тұғырма» кітаптарын жалпы жамағатқа оқыту мәселесі қозғалды.

Мешіт имамдары өздерінің тәжірибелік білімдерімен бөлісіп, төте жазудың оқылуын, жазылу үлгілерін таныстырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру