Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал Даму»: Атыраулық кәсіпорындарға сертификат берілді

halaldamu.kz 28.02.2023 1637 0 пікір
«Халал Даму»: Атыраулық кәсіпорындарға сертификат берілді

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің директоры Айбек Асқарбекұлы Атырау облысына іссапары барысында жергілікті кәсіпорындарға «халал» сертификатын табыстады.

Атыраудағы «Иманғали» орталық мешітінде өткен табыстау рәсіміне облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы да қатысты. «Coffee River» тамақтану орны, «Алиф» кондитерлік өнімдері және «Мирас» жартылай дайын фабрикаттар өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатына берілді. 

Аталмыш сертификатқа сәйкес, кәсіпорындар халал өнімдерін өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар СТ 96090-1-2021 стандартына сай екендігі расталып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру