Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алланың 99 көркем есімін жатқа оқып жарысты

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 28.02.2023 2223 0 пікір
Алланың 99 көркем есімін жатқа оқып жарысты

Алматы облысы Іле ауданына қарасты КазЦик ауылындағы «Әділхан» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Алланың 99 көркем есімін жатқа және қазақша мағынасымен оқу» сайысы өтті.

Шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Алдымен Алматы облысының бірінші наиб имамы Дәуренбек Жандосұлы «Алланың 99 көркем есімі» жайында аят-хадистерге тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға сайыстың шарттарын түсіндіріп берді. Жалпы Іле ауданына қарасты 30 ауылдан 67 үміткер қатысты.

Қазылар алқасы – наиб имам Дәуренбек Жандосұлы Дауренбек, Алматы облысының ұстазы Шежімбай Бағылан, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы қатысушыларға төрелік етті.

Жүзден жүйрік саналып, сайыста өзін жақсы көрсетіп бірінші орын алған Междуреченск ауылдық мешітінің шәкірті Құрбанбай Иманғали Ұмра қажылығына жолдаманы иеленді. Екінші  орынға КазЦик ауылы «Әділхан» мешітінің шәкірті Кәрім Нұрсұлтан (200 000 тг) қол жеткізсе, үшінші орынды Ақши ауылдық мешітінің шәкірті Жұмабек Бейбарыс (100 000 тг) қанағат тұтты. Және 15 қатысушыға 20 000 теңгеден ынталандыру сыйлығын алды.

Сайыс соңында келген жамағатқа бата беріп, мерекелік дастарқан жайылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру