Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіт шәкірттері Құран жарысына қатысты

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 27.02.2023 2426 0 пікір
Атырау: Мешіт шәкірттері Құран жарысына қатысты

Атырау мешіттері жанынан ашылған сауат ашу курстарына қатысушы шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.

«Құран – рухтың қуаты» атты шәкірттер бәйгесіне 37 үміткер қатысты. Құранның 1, 3, 5 парасы бойынша білімдерін сарапқа салған жас шәкірттерге Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сәттілік тіледі.

«Құран – барша мұсылманның бағдаршамы. Құранның әр әрпін оқығанның өзі керемет сауап. Мақсатымыз – Құранның тәлімін, ғибратын үлгі ету. Алла зейіндеріңізді ашсын» деді бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Белгілі ұстаз-қарилар Еркебұлан Жақсылықов, Байболат Керімбекұлы, Әкежан Юсупов шәкірттерді бағалап, үздігін анықтады.

Бас жүлде, яғни , ұмра қажылығына жолдаманы – Құранның 5 парасын жатқа айтқан Бекарыс Бауыржанұлы жеңіп алды. Ал қалған жүлдегерлер тізімі төмендегідей:

3-орын Бейбітбекұлы Халид
2-орын Жалғасбекұлы Бекзат
1-орын Қанатұлы Дәурен

3-пара бойынша

3-орын Қалаш Ермаш
2-орын Берікұлы Мейірлан
1-орын Болат Дәурен

5-пара бойынша

3-орын Мұрат Асадулла
2-орын Амангелдіұлы Ахмад
1-орын Бауыржанұлы Бекарыс (кіші қажылыққа жолдама)

«Атыраулық жас қарилардың келешекте білікті хафиз, әрі білімді ғалым болуы үшін мұндай сайыстар аса қажет. Бүгінде облысымызда Құран жаттауға арналған орталық санаулы ғана. Сондай қарилар дайындайтын білім ордасының бірі – «Бақтыгерей молла» мешіті. Атырау қаласының «Қызыл балық» селосында орналасқан мешітімізден сайысқа қатысқан кішкентай шәкіртіміз Бекарыс Бауыржанұлы бас жүлдеге тігілген Умра қажылығын жеңіп топ, жарды. Шараға қатысып, мешітімізге қолдау білдірген облысымыздың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлына алғысымыз зор. Сондай-ақ жарысты ұйымдастырған «Бақтыгерей молла» мешітінің ұжымы мен белсенді жастары да Құран бәйгесінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысты» дейді мешіт имамы Асылбек Тілепбергенұлы.

>

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру