Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Діни жоралғылар жөнінде жиын өтті

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 27.02.2023 1400 0 пікір
Қостанай: Діни жоралғылар жөнінде жиын өтті

Қостанай облысы Науырзым аудандық «Түркебай ата» мешітінің және «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйытқы болуымен діни жоралғылардың шариғат талабына сай болуы жөнінде жиын өткізілді.      

Аталған маңызды бастаманы қолдау және діни жоралғыларды шариғат шеңберінде жүзеге асыру, оны бәсекеге айналдырмау, әркім мүмкіндігінше ысырапшылдыққа жол бермеу жайы халықпен кездесуде әңгіме арқауына айналды.      

Онда елге сыйлы жергілікті ақсақалдар ауылда жаңадан қорым ашып, баршаға міндетті тәртіпке сүйену жайы сөз болды. Атап айтатын болсақ, дүниеден өткен кісінің жаназадан кейінгі, марқұмның қырқындағы жайылған дастарқандарында, жылдығына арналған астарында шығынға жол бермеу жан-жақты айтылды.      

Жиын соңында ауыл халқы бір ауыздан ҚМДБ ұйытқы болып қолға алған «Зират және зиярат», «Ас беру мәдениеті» секілді маңызды құжаттарды толық қолдайтындарын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру