Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Екібастұз» мешітіне бас имам тағайындалды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі mazhab.kz 27.02.2023 1857 0 пікір
«Екібастұз» мешітіне бас имам тағайындалды

Қасиетті жұма күні Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов «Екібастұз» қалалық мешітінің жамағатына жаңадан тағайындалған бас имамды таныстырды.

Жолдас Қоспақұлы жамағат алдында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан қызметке келген Нұрсейіт Әбдімүтәлиұлы Омаровқа сәттілік тіледі. Бұған дейін Нұрсейіт Әбдімүтәлиұлы  Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің директоры қызметін атқарды.

Дінтанушы, исламтанушы маман әр жылдары облыс орталығындағы мешіт-медреседе имамдық, ұстаздық қызметте болды.  Халықаралық Ислам академиясының докторанты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру