Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 25.02.2023 2362 0 пікір
Ақтөбе: Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде бас имам Серікжан Еншібайұлының бастамасымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Деструктивті діни ағымдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері» атты дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.

Аталған семинарды облыстың бас имамы ашып, Ислам діні және қазіргі қоғамдағы дін мәселелері оның ішінде ағымдар туралы сөз қозғады. 

«Қандай халық болмасын тарихи үрдістердің негізінде қалыптасқан дәстүрлі құндылықтармен астасып өмір сүреді. Салт-дәстүр ұлттың бір мәдени қабаты ғана емес, сол халықтың төлқұжаты іспетті. Яғни, халық үшін оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы басты құндылықтардың бірі саналады. Біз дәстүрлі құндылықтарды терістейтін өктем іс-әрекеттердің деңгейіне қарай деструктивті, яки болмаса экстремистік не террорлық деп сипаттама беріп жатамыз. Соңғы кезде осы теріс сипаттамаларға діннің аты қосақталатын бір үрдіс пайда болды. Яғни, «деструктивті діни ағымдар», «діни экстремизм», «діни терроризм» деген атаулардан көз сүрініп, құлақ тұнатын жағдайға жеттік. Әлбетте, басқа түскен індеттен қашып емес, шешіп қана құтыла аламыз. Олай болса, алдымен «деструктивті діни ағым», «діни экстремизм», «діни терроризм» ұғымдарының бір-бірінен қандай ерекшелігі бар екенін ажыратып алсақ» деп Серікжан Еншібайұлы семинардың маңызыдылығына жіті тоқталды.

Сонымен қатар әлеуметтік желідегі жат ағымнан сақтану жолдарын атады. Ал Ақтөбе облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Мұрат Құлбергенов:  «Дін істері басқармасы мен ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің имамдары арасында бірге әрдайым ынтамақтастықта жұмыс жасап, нәжижелі түрде қызмет ете берейік. Бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы, мақсатымыз – дін арасындағы татулық пен өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру» деді.

Одан өзге семинар-тренингте  жат ағымға жауапты діни қызметкерлерге «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы, «Ихсан» ҚБ орталығының директоры Мейірбек Қалманов, «Нұрдәулет» мешітінің ұстазы Ерсейт Оразханұлы дәріс жүргізді. Спикерлер дін мен мемлекеттің арақатынасын баяндап, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына тоқталып, оңалту бағытындағы алдын алу жұмыстарына имамдардың белсене араласуы, дәстүрлі емес дін ағымдарды ажырату және оны жамағат арасында кеңірек насихаттау, деструктивті діни ағым ұстанушы азаматтардың радикалды діни көзқарасын бейтараптандыру және оларды оңалту мақсатында қолданылған әдіс- тәсілдер т.б мәселелерін қамтыды. Ал семинарға қатысушылар тақырыптар аясында спикерлерге сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Айта кетсек, 30-қа жуық дін қызметкерлері қатысты. Облыстың бас имамы БАҚ өкілдеріне семинардың маңыздылығы туралы сұхбат беріп, семинар-тренинг жыл бойы жалғасын табатындығын айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру