Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Бас имам университет жастарымен жүздесті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 24.02.2023 1625 0 пікір
ШҚО: Бас имам университет жастарымен жүздесті

Діни басқарма бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы С.Аманжолов  атындағы университетте студент жастармен жүздесті.

«Дінтану және философия» факультетінде білім алып жатқан жастар бас имаммен «Дін мен дәстүр» тақырыбында сұхбат құрды.

Шараға студенттермен оқытушылар қатысты. Басқосуда бас имам Ермек Қасболатұлы ұлтымыздың сан ғасырларлан бері сақталып келе жатқан дәстүрлі тәрбиелік құныдылықтарынан тәлім-тәрбиелік маңызы зор тағылымды насихат айтты.

«Дін – әдет-ғұрыппен ұштасып ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, дін мен дәстүр үндестігі заңдылыққа айналған. Жастардың рухани емес, материалдық құндылықтарға бет бұруы, түрлі топтардың жетегінде кетуі, отбасында, қарым-қатынас ортасында рухани бірліктің болмауы күнделікті көрініске айналып бара жатыр. Білім беру саласында тәуелсіздік алғаннан кейін қарқын алған мәселелердің бірі-дінтану мамандарын даярлау аса маңызды. Қоғамдық сұраныстар мен мемлекеттік талаптарға сай С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Дінтану-философия» мамандарын даярлауды жүзеге асырып отырған бұл бағыттағы үлкен игілікті іс» дей келе, бас имам «Ислам және ізгі қоғам» жылында жастарды қолдау бағытында атқарылатын шараларға тоқталып өтті.

Студенттер бас имамның тағылымды насихатын ден қоя тыңдады. Арасында өздері сұрақтарын қойып, нақты жауабын алды.

Кездесу соңында «Халифа Алтай» атындағы облыстық мешітінің дін қызметкері Ербол Саргелов студенттерге арнап Майлықожа ақынның «Жақсы бір адам қартайса» термесін орындап берді.

Кездесуді ұйымдастырушы университет басшылығы тәлімдік жүздесу үшін бас имамға алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру