Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған үш күндік ақпараттық-танымдық семинар қорытындыланды.
Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарына қатысты мешіттердің бас имамдары, наиб имамдары және ұстаздарына Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқап «Неке және отбасы құндылықтары», «Исламдағы уақып мәселесі» және «ҚМДБ пәтуаларын насихаттау» тақырыптары аясында дәріс оқыды.
Әнуар Ізімбайұлы жергілікті имамдарға үш күндік семинарды тәмәмдағанын куәландыратын сертификаттарды табыстай отырып, оларды алдағы уақытта да білімдерін шыңдауға шақырды.
Өз кезегінде дәріс алған дін қызметкерлері іс-шараны ұйымдастырған өңір бас имамына және Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
24.02.2023
3013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру