Ақмола облыстық «Науан хазірет» мешітінде әйел жамағатқа арналған «Дін мен дәстүр – тәрбие бастауы» деген тақырыпта танымдық-тағылымдық іс-шара өтті.
Онда қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен көріністер көрсетіліп, көшпенді елдің байырғы тіршілігінен сыр шертілді. Түскиізде өрнектелген оюлар көздің жауын алады. Қазақы дастархан жайылып, ұлттық тағамдар мәзірі қойылған. Осындай өткен тарихты паш еткен ізгі көрініс аясында мешіт шәкірттері өзара білімдерін ортаға салып, сайысқа түсті. «Сәукеле» және «Тастүйін» командаларына бөлініп, ұлттық дәстүрден де, имани танымнан да бар білгендерін ортаға салды.
Қазылар алқасы жүзден жүйрік шығып, оза көрінген шәкірттерге арнайы марапаттарын берді. Бұл ұлттық дәстүрді дінмен ұштастыра дамытудың айшықты айғағына айналды. Осы шараға үлес қосқан «Ізгі аналар» ұйымы мүшелеріне және шәкірттерге мешіттің әйел-қыздар секторының ұстаздары өздерінің ақ алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
23.02.2023
2958
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру