ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Жетісу облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тіл сарайында» «Жетісулық әйелдердің таңдауы – Адал ас» тақырыбында танымдық семинар өтті.
Шараға «Халал дамудың» бас сарапшы-технологы Жанар Мұратқызы, технолог Әселхан Сәбитқызы қатысты. Семинарда ас үй иелеріне адал тағамның дайындалуы барысында негізге алынатын кеңестер айтылды. Тағамдық қоспалар бойынша рұқсат етілген азық түрлерімен тағам қоспалары слайд бойынша көрсетілді.
Сондай-ақ, семинарда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда: Халал өнімінің діндегі және қоғамдағы орны, маңыздылығы, ерекшелігі талқыланды. Сонымен қатар, «Адал ас» тақырыбында технолог маманның дәрісі тыңдалды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglym.kz
23.02.2023
2700
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру