Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Құранды дауысыңмен көркемде!» тақырыбында үйрету семинары ұйымдастырылды.
Мешіт азаншысы, Қайнар қари Базарханұлы қатысушыларға Құранды мәнерлеп оқудың қыр-сырын түсіндірді. Нақтырақ айтар болсақ, семинарда «Құранды қандай мақаммен оқу керек», «Мақамдарды қалай үйренуге болады», «Кімді тыңдаймын», «Қалай көркем оқып үйренемін?» сынды сұрақтарға жауап беріліп, білікті ұстаз өзінің ізденістерін бөлісті. Семинарға жалпы саны 20-дан астам жамағат қатысып, жиын соңында көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.
Аталмыш семинар жұмысы алдағы уақытта тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрмақ.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Астана қаласы өкілдігі
muslim.kz
20.02.2023
3243
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру