ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен жуырда ғана жұмысын бастаған «Зекет Hub» орталығында әлеуметтік жағдайы төмен мектеп оқушыларына көмек берілді.
Қасиетті жұма күні мен Миғраж түнінің құрметіне жасалған игі шарада елордадағы №48 мектепте білім алатын әлеуметтік жағдайы төмен 10 оқушының отбасыларына азық-түлік берілді. Игі шараға қордың жетекші маманы Әли Әзімбекұлы мен №48 мектеп директорының орынбасары Назгүл Темірханқызы қатысты.
Көмек алған мектеп оқушылары қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
17.02.2023
2797
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру