Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана имамдары Алаш тақырыбында семинарға қатысты

sunna.kz 16.02.2023 2586 0 пікір
Астана имамдары Алаш тақырыбында семинарға қатысты

Бүгін Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде елорда имамдарына арналған «Алаш қайраткерлерінің бірлігі» атты тарихи-танымдық семинар ұйымдастырылды.

Семинарға қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері қатысып, Алаш қайраткерлерінің өмір мен өнегесіне қанықты.

Ашылу сөзін сөйлеген бас имам Ерболат Жүсіпов алаштану ғылымының, олардың өнегесінің бүгінгі діни қызметкерлер мен қоғам үшін маңыздылығына тоқталды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында діни кадрлардың ұлттық руханиятты қанық білуі керектігі айтылып, ел медреселеріне «Алаштану» пәні енгізу жоспары жайлы айта келіп, осы бастама аясында өтіп жатқан бүгінгі шараға ризашылығын жеткізді.

Семинар спикері журналист, абайтану, ұлттық дүниетаным тақырыбын зерделеп жүрген Оразбек Сапархан «Алаш қайраткерлерінің бірлігі: қалыптасу себептері мен алғышарттары, формасы мен мазмұны» атты дәріс оқыды. Дәріс барысында Алаш қайраткерлерінің қайраткерлік тұлғасы мен өзара береке-бірлігінің қалыптасу себептері, алғышарттары, қозғалыстың ояну эволюциясы, Алаш Орданың жоғарғы саяси элитасы арасындағы бірліктің формасы мен мазмұнын тарихи оқиғалармен, нақты фактілермен баяндалды.

 

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру