Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Шаңғы серуені ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 15.02.2023 2480 0 пікір
ШҚО: Шаңғы серуені ұйымдастырылды

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының ШҚО өкілдігі шәкірттерге шаңғы серуенін ұйымдастырды.

Өскемен қаласының шаңғы базасында өткен игі шараға ұстаздар мен мешіт шәкіртттері қатысты. Әуесқой шаңғышылар ақ қар бетіне қос жолақ із тастап табиғат аясында, таза ауада еркін тыныстады. Серуенге қатысушы жамағат арасында кішігірім шаңғы жарысы да ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен белсенділік танытқандарға сыйлықтар табыс етілді.

«Денсаулық ата дініміз Исламда адам бойындағы ең басты байлық, аманат болып саналады. Бұл шараны әйел және қыздар жамағатының бірлігін арттыра түсу, салауатты өмір салтын сақтау, спортпен айналысуға шақыру мақсатында ұйымдастырдық. Шаңғы серуеніне шәкірттер аса ынталы қатысты» дейді сектордың жауапты өкілі Айзат Әскербекқызы.

Шаңғы серуені ұстаздар мен шәкірттер атсалысқан көңілді демалыс болды. Осындай игі шара ұйымдастырғаны үшін жиналғандар әйел-қыздар секторына риза болып тарқасты.

Сондай-ақ «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Зайсан аудандық мешіті де ауыл тұрғындары арасында шаңғы серуенін ұйымдастарды. Шараға ауыл тұрғындары, мешіт қызметкерлері мен жамағат қатысты. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы ұстаз Бекзат Құсанбаев: «Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау аса маңызды. Сонымен қатар жамағаттың бірлігін, ынтымағын бекіте түсу мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз» деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру