Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Бас имам қала мешіттерін аралады

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 15.02.2023 2860 0 пікір
Орал: Бас имам қала мешіттерін аралады

Жуырда ғана Батыс Қазақстан облысының бас имамы қызметіне тағайындалған Самат Әлібаев, наиб имам Ерденбек Ихсанов пен есепші Анар Шукина Орал қаласындағы Тәжіден Батырұлы мен Түлбаев Мұхаммед-Ғариф атындағы мешіттерді аралап шықты.

Ондағы бас имамның мақсаты – қала мешіттерінің тыныс-тіршілігімен және ондағы дін қызметкерлерімен жақын танысу. Самат Қанатқалиұлы аталған мешіттерде болып, ондағы тыныс-тіршілікпен танысып, әрбір мешіттің ұжымдарымен жеке-жеке кездесу жиындарын өткізді.

Жиын барысында бас имам осыған дейін атқарылып келген шараларды жандандырып, одан әрі біріге отырып жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды.

Сондай-ақ, әр мешіттің ішкі-сыртқы тазалығына, жұмыс тәртібіне аса мән беріп, имам деген атқа кір келтірмей соған сай елмен жақын болып, аянбай қызмет жасауға шақырды.

Қала имамдары мен қызметкерлер емен-жарқын жүздесіп, ой-пікір алмасқан бас имам Самат Қанатқалиұлының жаңа қызметіне табыс тілеп, елдің бірлігі мен асыл дініміз исламның кең қанат жаюына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру