Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жастармен кездесті.
Кездесуге студент жастармен бірге, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов қатысты.
Жиын барысында бас имам қоғамнан ажырамау, ұлттық тәрбиенің тамыры тақырыптарында насихат айтты.
«Өмірге адам болып келгеннен кейін, адам өзін дамытуды, ізденуді, білім алуды ешқашан ысырып қоймауы керек. Және ислам – өркениеттің өзегі. Кезіндегі әл-Фараби, ибн Сина сынды ғұлама ғалымдарымыз Еуропаға өркениетті апарған.
Қазір дінді қасаң түсініктермен шектеп қойып жүргендер бар. Шын мәнінде дін қап-қара ниқаб, қаба сақал, шолақ балақпен өлшенбейді. Дін – алдымен имандылық, көркем мінез. Салт-дәстүрді ұстану, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Мұсылман баласы көркем мінезімен өзгеге үлгі болуы керек» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
14.02.2023
2641
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру