Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, орталық мешітте өткен «Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясына арнайы қатысты.
Бұдан кейін бас имам «Шиелі» қайырымдылық мекемесінің тыныс-тіршілігімен, жаңадан ашылған спорт бөлмесінің жұмысымен танысты. Болашақ қарилармен жүздескен Болатбек Ұласқанұлы жастарға жігер беретін насихат айтты. Аталмыш қайырымдылық мекемесі 2020 жылы ашылған болатын. 30 адамға арналған орталық 5 дәріс сыныбы, намазхана, асхана, 8 жатын бөлме, дене шынықтыру, жуыну, тұрмыстық бөлмелермен қамтылған.
Бүгінде 20 шәкірт ішінде жатып, 50 шәкірт қатынап Құран жаттауда. Екі жарым жылда алғашқы қари дайындалса, қазіргі таңда қасиетті кітапты толық жаттаған 4 қари бар.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
13.02.2023
2638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру