Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Жылдық жұмыс жоспары талқыланды

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 13.02.2023 2616 0 пікір
СҚО: Жылдық жұмыс жоспары талқыланды

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде бас имам Хамзат Қажымұратұлының төрағалығымен өңір имамдарының алқалы жиыны өтті.  

Жиын барысында «Ислам және ізгі қоғам» жылына орай негізгі назар аударатын  «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», сондай-ақ «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарымен таныстырып, дін қызметкерлерін аталған іс-шараларды жүзеге асыруда белсенді болуға шақырды.   

Сонымен қатар «Уағызшының тұлғалық сипаты» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, имамдардың уағыз айту әдебі турасында сөз қозғалды. Бас имам мақаланы дұрыс жазу жолдарына да тоқталып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру