Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Жылдық жоспар талқыланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 13.02.2023 3157 0 пікір
ШҚО: Жылдық жоспар талқыланды

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты қала және аудан имамдарының алқалы жиыны өтті.

Облыс бас имамы Ермек Қасболатұлы жиынды ашып, дін қызметкерлеріне өңірде 2023 жылғы атқарылатын жұмыс жоспарын таныстырды.

«ҚМДБ айқындап берген бес бағыттағы шаралардың іске асу қарқынын арттыру – бүгінгі таңдағы басты міндет. Сонымен қатар «Ислам және ізгі қоғам» жылында атқарылатын жоспарлы шараларды жоғары деңгейде өткізуіміз керек. Біздің облысымызға ел жастарының басын қосқан республикалық семинар өткізу тапсырылған. Бағыттар бойынша ислам құндылықтары мен қоғамдағы ізгілікті насихаттау – біздің басты мақсатымыз» деді бас имам.

Жиналыста оқу ағарту, жат ағымдардың алдын алу, олармен күрес бағыттары бойынша имамдарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ жылдық жұмыс жоспары әр мезгілге бөлініп, тоқсан соңында қорытындыланып, имамдар жұмысы бағаланатынын жеткізді. Өкілдік бойынша жыл бойы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және ізгі қоғам» жылына арналған іс-шаралары үздіксіз насихатталады.

Сонымен қатар бес бағыт бойынша жүзеге асырылатын шаралардың нәтижелі болуы, оңтайландыру мақсатында бағыттар бойынша арнаулы имамдар тағайындалып, оларға қосымша міндет, жауапкершілік жүктелді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру