ҚМДБ Ақмола облыстық өкілдігіне қарасты мешіт имамдары бас қосып, 2023 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.
Степногорск қаласында өткен дін қызметкерлерінің жиынында облыс бас имамы Қуаныш Сәбит мүфтият қабылдаған жаңа бағыттарға сай міндеттерді айқындады. Биылғы «Ислам және ізгі қоғам жылының» тағылымды тұстарына тереңірек тоқталды. Заман өзгеріп, адамдар санасы да жаңаша жаңғырып жатқан тұста Ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, ұлттық дәстүрлерді жаңғырту, ізгі қоғам қалыптастыру жайы өміршең екенін тілге тиек етті.
Одан әрі имамдар Аманбек Сайлау, Әділбек Нұржауар, Әсет Айдос Мүфтият тапсырмаларын мұқият орындаудың жай-жапсарын сөз етіп, түсіндірме жұмысын жүргізді. «Уақып және қайырымдылық» турасында Алмат Жүнісов өз ойларын ортаға салды.
Облыстың әр өңірінен келген имамдар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толымды жауаптар алды. «Алда үлкен жұмыстар тұр, оны абыроймен атқару – әр имамның басты міндеті» деді бас имам Қуаныш Жұмабайұлы.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
09.02.2023
2859
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру