ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бүгін «Табиғатты аялайық!» атты мейіріміділік акциясын бастады. Өкілдікке қарасты мешіттердегі Жастар ісі секторының жұмысына жауапты қызметкерлердің ұйытқы болуымен мейірімділік шарасының алғашқы қадамы жасалып, оған қала бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысты.
«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отырған мейірімділік акциясының мақсаты – мешіт шәкірттері мен жастарды қоршаған ортаға, табиғат пен жануарлар әлеміне мейірім көзімен қарап, күтіп-сақтауға баулу. Алдағы уақытта акция ауқымы кеңейіп, қаладағы әр мешіт бойынша мейірімділік шарасы түрлі бағытта дами түспек.
«Әзірет Сұлтан» мешітінен аттанған арнайы топ акцияның алғашқы қадамын алдымен Есіл өзені бойындағы үйректер мен көгершіндерге жем беруден бастады. Бұдан соң «Балқарағай» демалыс орталығындағы қайың орманының жағдайына қанығып, сол жердегі зообақ жануарларымен танысты. Зообақтағы кейбір сирек кездесетін аң түрлері мен құстарға арнайы жемдерін табыстап, орталық басшылығымен сұхбаттасып қайтты.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
08.02.2023
3136
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру