Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Имамдар Түркия мен Сирия халқы үшін дұға жасады

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 08.02.2023 3206 0 пікір
Қарағанды: Имамдар Түркия мен Сирия халқы үшін дұға жасады

Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали бастаған дін қызметкерлері Алла Тағаладан Түркия мен Сирия жұртының амандығы үшін арнайы дұға жасады.

«Құрметті мұсылман бауырлар! Баршамыз бауырлас түрік елі мен Сирия халқы үшін дұға жасайық! Себебі сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Дұға – мұсылманның қаруы», деген. Бір мұсылманның басындағы қайғы барша мұсылманға қайғы әкеледі. «Көршінің қайығы сынса, менің қабырғам сынғандай болады» деп дана халқымыз айтқандай, түркі халқы мен Сирия жұртына сабыр тілейміз» деді Қарағанды облысының бас имамы.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жиналған өкілдікке қарасты барша дін қызметкерлері табиғи апаттың салдарынан қиындыққа тап болған екі елдің халқы үшін амандық пен тыныштық тілеп, Жаратқанға дұға етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру