Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШЫМКЕНТТЕ «АЛАШТАНУ» ЖӘНЕ «ТҰЛҒАТАНУ» РУХАНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 08.02.2023 3430 0 пікір
ШЫМКЕНТТЕ «АЛАШТАНУ» ЖӘНЕ «ТҰЛҒАТАНУ» РУХАНИ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Шымкент орталық мешітінде «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбында дін қызметкерлерінің жиыны өтті. Алқалы жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған мешіт имамдары, ұстаздар, дін қызметкерлері қатысты.

Бас имам Бақдәулет Нұрматұлы ҚМДБ  тарапынан бекітілген «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру»  бағыттарына қарасты 22 саланың жұмыстарын күшейту, жан-жақты жетілдіру туралы арнайы тапсырмалар берді. Сондай-ақ, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарлық баяндамасына негізделген жылдық жұмыс жоспарын түсіндіріп, таныстырды. Соның ішінде «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылатын жұмыстардың кешенді жоспары әзірленді. Атап айтқанда, жастардың рухани патриоттық сезімін ояту бағытында «Алаштану», «Тұлғатану», «Яссауи дүниесі» т.б. рухани оқыту орталықтары ашылады. Мұнымен қатар, мешіт имамдарының біліктілігін арттыру мақсатында орталық мешіт жанынан көне түркі тілінде жазылған Ханафи мазһабы негізінде бабаларымыздың кітаптарын тереңдетіп оқыту курстары жұмысы басталмақ.

Бұдан бөлек жиында Бас мүфти бұйрығымен Шымкент қаласына қарасты 5 ауданның бас имамдары таныстырылды. Олар: Абай аудандық мешітінің бас имамы Бердалы Жәміш, әл-Фараби аудандық мешітінің бас имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешітінің имамы Ербосын Орын, Қаратау аудандық мешітінің бас имамы Дастан Желеуов және жуырда ғана жаңадан ашылған Тұран аудандық мешітінің бас имамы болып Ақтөре Тұрапбай тағайындалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру