ҚМДБ Қызылорда облыстық өкілдігі, Жаңақорған аудандық мешітінің ұйытқы болуымен «Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық акциясы өтті.
Қасиетті Ережеп айының құрметіне орай ұйымдастырылған сауапты шараға облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысты. Ізгілік акциясында сөз алған бас имам жаңақорғандықтарға қасиетті үш ай жөнінде насихат айтып, 50 отбасыға азық-түлік салынған қораптарды табыстады.
Сонымен қатар, игі шара соңында аудандық мешітте 20 жылдан астам уақыт азан шақырып жүрген Кенжебай Жұмаділлаев пен наиб имам Дәулет Орынбасаровқа ұмра қажылығына жолдама табысталды. Айта кетейік, дін қызметкерлерінің кіші қажылыққа баруына жергілікті мешіт жанашырлары демеушілік көрсетуде.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
06.02.2023
2814
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру