Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ ауданында болды.
Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімі Алтай Машикұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жұма намазының алдында облыс бас имамы Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Ибрагим Нұрахмедұлы Қондыбаевты таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі. Бірнеше жыл бойы Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы болып қызмет атқарған Сапархан Айдарханұлына алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес «Имам Мұхаммед» мешіті Еңбекшіқазақ аудандық орталық мешітінің мәртебесін алғанын хабарлаймыз.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
06.02.2023
2909
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру