Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Көпбалалы 15 отбасыға құрмет көрсетілді

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 31.01.2023 2217 0 пікір
Ақтөбе: Көпбалалы 15 отбасыға құрмет көрсетілді

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында қасиетті Ережеп айының құрметіне орай 15 көпбалалы отбасыға арнап дастарқан жайылды.

Ізгілікті насихаттауға арналған шараға ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Қуандық Қабден, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ықылас Асанұлы, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әли және әйел ұстаздар қатысты.

Аталған шара барысында Құран оқылып, насихат айтылды. Сонымен қатар облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли адам өміріндегі қайырымдылықтың маңызына жіті тоқталды. Игі басқосуда кәсіпкер Гүлназ Болатбекованың жаңа кәсібіне ақсақалдар жүрекжарды ізгі ниетін білдіріп, ақ батасын берді.

«Жеті ата» кафесінде өткен игі басқосуда көпбалалы аналар шараны ұйымдастырушыларға алғысын айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру