Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Имамдардың алқалы жиыны өтті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі aqmeshit.kz 31.01.2023 2361 0 пікір
Қызылорда: Имамдардың алқалы жиыны өтті

Бүгін Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде өңірдің бас имамы Болатбек Абуовтың төрағалығымен Сыр имамдарының алқалы жиыны өтті.

Қызылорда облысының Қоғамдық даму басқарма басшысының орынбасары Бауыржан Олжабайұлы және аймақтағы қалалық, аудандық, аудан орталықтарында орналасқан мешіттердің дін қызметкерлері қатысқан жиналыста облыстың бас имамы «Ислам және ізгі қоғам» жылында баса назар аударылуы тиіс бес бағыт: «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бойынша ҚМДБ тарапынан бекітілген жұмыс жүргізу жоспарын таныстырды.

Нақтырақ айтар болсақ, уағыз айту әдебі, оқу-ағарту, насихат жұмыстарында заманауи тиімді тәсілдерді қолдану, жамағатпен, қоғаммен тығыз байланыс орнату, рухани ұлттық құндылықтарды, дін мен дәстүрді дәріптейтін іс-шараларды көбірек ұйымдастыру, жат ағым арбауынан сақтандыру, өңірді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, дін қызметкерлерінің тұлғалық бейнесін қалыптастыру, мешіт тазалығы, құжаттамаларын реттеу жұмыстарын жүйелі атқарып, көркем мәміледе насихаттауды тапсырды.

Жиын соңында Болатбек Ұласқанұлы имамдарды дін қызметкері ретінде  Сыр өңіріндегі діни ахуалдың тұрақты әрі бейбіт болуына  ықпал ету арқылы қоғам тыныштығын сақтап, ел бірлігін арттыру жолында игі істер атқаруға  шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру