Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рудный мешітіне жаңадан имам тағайындалды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі akmechet.kz 23.01.2023 873 0 пікір
Қостанай: Рудный мешітіне жаңадан имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Сабыржан Зейнелғабиденұлы Есмурзин Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы болып тағайындалды.

Ал осы мешітте бұған дейін қызмет еткен Бектұрсын Торғайбайұлы Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітіне бас имам болып бекітілді. Рудный шаһарында өткен жиында облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы жамағатқа жаңа имамды таныстырып, жауапты жұмысына табыс тіледі.

Басқосуда Рудный қаласы әкімінің орынбасары Азамат Ысқақов пен Перцовка ауылының әкімі Зейнелғабиден Амангелдіұлы дін саласында сіңірген қажырлы еңбегі үшін бұрынғы имам Бектұрсын Уәлиевке алғыстарын білдіріп, иығына шапан жапты.

Сабыржан Есмурзин – Нұр-Мүбарак университетінің түлегі. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Миалы ауылында дүниеге келген. Діни қызметтегі жұмыс тәжірибесіне 15 жылдан асты. Алғашқы еңбек жолын облыс орталығындағы «Марал ишан» мешітінде азаншы болып бастады. Содан кейін Жітіқара қаласындағы «Ержан Тәтішев», бертін келе Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітіне басшылық етті.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру