Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АСХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ХАЛАЛ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (ФОТО)

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 21.01.2023 784 0 пікір
АСХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ХАЛАЛ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда мешіттеріндегі асхана қызметкерлерінің Халал индустриясы саласындағы білімін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

ҚМДБ «Халал даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандардың тренингіне аспаздармен қоса іс басқарушылар, бірнеше дін қызметкері де қатысып, тұшымды мағлұматтар алды.

Мамандар түрлі тағамдағы қоспалардың халал немесе харам екендігін қалай анықтауға болатынын жіктеп түсіндіріп берді. Сондай-ақ, Алла харам еткен тағамдардың зияндығын да ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, ас дайындауда қолданылатын  қоспаларды таңдауға кеңестер берді.  

Халал инудстриясының маңыздылығы мен шарттарын, «Халал даму» ұйымының жұмыс бағытын түсіндіре отырып, көптеген тың жайттардың басын ашқан мамандардың баяндамасы қатысушылардың білімін арттыруға біршама үлес қосты. Бұған қоса, арнайы көрнекілік тақтасы арқылы ұсынылған мәліметтер де қатысушылардың білімдерін байыта түсті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру