Құран Кәрімнің қадір-қасиетін ұғындыру, оны жаттаудың маңыздылығын насихаттау мақсатында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының орталық «Әбіш қожа» мешітінде ерекше жарыс ұйымдастырылды.
Жарыс шарты бойынша шәкірттер 1 апта бойы дәрістерге қатысып, Құранға түсуі керек болатын. Қорытынды жарыс нәтижесінде 40 қатысушының ішінен әділ қазылар тарапынан үздік деп танылып, үздік үштік анықталды.
І орынды Хабибулла Нығмет иеленсе, ІІ орын Ғизат Бақбергенге, ал ІІІ орын Рахымжан Абдуррахманға бұйырды. Жүлделі орын иегерлері сәйкесінше 50 мың, 30 мың және 20 мың теңге мөлшерінде ақшалай сыйлыққа ие болды.
Іс-шара соңында дін қызметкерлері шәкірттерге дастарқан жайып, балаларға қуаныш сыйлады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
19.01.2023
2832
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру